Ескі архив · 23.08.2016 15:52

Рио. Дейін және кейін.

Сәлеметсіз бе! Мойындаңызшы, биылғы жаз керемет өтті ғой! Кереметтілігі футбол фанаттары үшін Еуропа чемпионатында, ал жалпы спорт сүйер елге жазғы олимпиада ойындарында болды. Небір пікірталас тудырып, әлеуметтік желілерді, күллі ғаламторды жайлады. Шынында да, бір сәт негативтен ажырадық. Осындай додалар өсіп келе жатқан буынға зор мотивация боларына сенемін! (Әрине, әділ түрде өтсе...) Себебі, қатарластарымның аузынан бірнеше рет «болашақта баламды спортқа берем» дегенді естіп қалдым. Еліміздің жүлдегерлерін (сәл кешіксем де) құттықтап қояйын деп едім! Рио олимпиадасы туралы көп қарап шықтым. Қызықты ақпараттар мен фактілер де жазылыпты. Ағылшын сайттарын ақтарып отырып, португалдықтардың арасына түсіп кеттім. Сөйтіп, бір қызық нәрсені көзім шалды. Көзім шалды да, бөлісіп қояйыншы дедім… Олимпиада ойындары үшін Рио де Жанейрода бұрыннан бар 18 кешен қолданылыпты (жөндеуден өткен). Ал арнайы «Рио-2016»-ға деп жаңадан, үнемі пайдалану үшін – 9, уақытша – 8 объект салынған екен. Бұл дегенің қыруар қаржы ғой! Өзіңіз қарап көріңізші. 1) Алғашқы суреттерде Олимпиада саябағының нобайлары. Бұл аумақта автотұрақтар, қонақтарға арналған террасалар салынған. 2) Кариока ареналары: 1, 2, 3 I. Сыйымдылығы: 16 000 Қызмет түрі: баскетбол, паралимпиадалық ойындар (баскетбол, регби) II. Сыйымдылығы: 10 000 Қызмет түрі: дзюдо, күрес III. Сыйымдылығы: 10 000 Қызмет түрі: семсерлесу, таэквондо, паралимпиадалық дюздо Осы саябақ пен ареналарды салу үшін $1 млрд. 678 мың жұмсалған. 3. Теннис орталығы Жалпы сыйымдылығы: 19,750 Орталық корт: 10000 1-корт: 5000 2-корт: 3000 Қосалқы: 250 Қызмет түрлері: теннис, футбол, паралимпиадалық теннис Құны: $164 800 000 4. Болашақ аренасы – Олипиада ойындары үшін қолданылатын уақытша спорт кешені. Сыйымдылығы: 12 000 Қызмет түрі: гандбол және голбол Құны: $121 100 000 5. «Деодоро» стадионы Сыйымдылығы: 15 000 Қызмет түрі: регби-7 және қазіргі бессайыс Құны: $647 100 000 (Түпнұсқасы: infograficos.estadao.com.br/public/e/focasrio2016/hoje-e-amanha.html) Енді сұрақ. Қалай ойлайсыз, қанат қаққан сайын қатая ма? Әлде ұшу үшін әл жинап алу керек пе?
Авторы:
mazhitova

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту