Ескі архив · 06.09.2016 17:17

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !

2016 жылғы 5-7 қазан күндері Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән фестивалі өтеді. Фестивальге эстрада жанрындағы 18-35 жас аралығындағы конкурсанттар қатыса алады. Фестиваль жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер мен сыйақылар тағайындалады: 1) Бас жүлде (1 000 000 теңге); 2) бірінші жүлде және лауреат атағы (750 000 теңге); 3) екінші жүлде және лауреат атағы (500 000 теңге); 4) үшінші жүлде және лауреат атағы (250 000 теңге); 5) Диплом (50 000 теңге); 6) Диплом (50 000 теңге). Конкурсанттардың Қазақстан Республикасының Шымкент қаласына барып қайтуы жолдаушы тарапынан, ал Шымкент қаласындағы ішкі көлік, қонақ үй және тамақтану ұйымдастырушылар есебінен. Фестивальге қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға жолдау қажет: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі», 15 кіреберіс, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Байланыс телефондары мен электрондық мекен-жайлар: 8(7172) 740517, 740340 87015550436 к.mukhangaliev@mail.ru, fdrnkz@mail.ru. Фестивальдің жалпы ережелері мен тәртібі жөніндегі толық ақпаратты «VK.com» әлеуметтік желісіндегі «ЖастарТынысы» парақшасынан алыңыздар. Сілтеме: vk.com/cmiko?w=wall217073284_1174%2Fall Инстаграм
Авторы:
ErzhanKhamitov

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту