Ескі архив · 25.09.2016 23:01

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

28 қыркүйекте «Жастар» сарайында 10-шы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Шара барысында 50 жуық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынатын болады. Жәрмеңке сағат 10:00 басталып, сағат 13:00 дейін жалғасады. Шараға қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ, қайта даярлау мен жаңа кәсіпті меңгеру туралы ақпаратпен танысады. Айта кетейік, бұған дейін өткізілген 9 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша жұмыссыз жүрген 307 азамат жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін тағы да екі бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту