Ескі архив · 03.10.2016 11:37

Хоккей жанкүйерлері үшін арнайы автобустар жүреді

3, 5, 7 қазанда «Барыс Арена» мұз сарайында Құрлықтық хоккей лигасының матчтары өтеді. Елордалық «Барыс» Нижнекамсктің «Нефтехимик», Қазанның «Ак Барс», Тольяттидің «Лада» командаларымен шеберлік байқасады. Бұл күндері хоккей жанкүйерлері аренаға арнайы автобустармен жеткізіледі. Автобустар сағат 18.00 «Қазақстан» спорт сарайының (Қадымұқан к-сі) тұрағында және «Нұр Астана» мешітінің (шығыс жағындағы тұрақ) жанында тұрады. Арнайы рейстік автобустармен жүру ақысы қоғамдық көліктердің жолақысының құнымен бірдей, жол жүру билеттері жарамсыз. Матчтан кейін жанкүйерлер шаттлдарға «Барыс Арена» стадионының тұрағынан отыра алады. astana.gov.kz/kk/modules/material/11316
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту