Ескі архив · 04.10.2016 22:56

Астаналық полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеруде

Жыл басынан бері елордалық полиция қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, 30-дан астам террористік тұрғыдан осал объектінің жетекшілері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149-бабы 1-тармағы бойынша (өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және тиiсiнше орындамауы – 100-300 АЕК дейін айыппұл) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған және өндірілген айыппұл көлемі 7 млн теңгеден асады. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғыларының, басқаруды бақылау жүйесі, сондай-ақ, мамандандырылған күзет бомлаған. Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысында террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі бекітілген. Объектілерді терроризмге қарсы қорғалуын бақылау және террористік тұрғыдан осал объектілерді ұйымдастыру міндеті ішкі істер органдарына жүктелген. astana.gov.kz/kk/modules/material/11323
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту