Ескі архив · 17.10.2016 23:33

Кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгертіледі

Ағымдағы жылдың 19-қазанынан бастап, Ш. Айтматов пен Сарайшық көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылатындықтан № 17, 44, 61, 101 қоғамдық көліктерінің бағыты өзгертіледі. Осылайша, № 17, 44 бағдарлар «Қазақ технология және бизнес университеті» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі келесі сызба бойынша жүреді: Сарайшық көшесі – І. Омаров көшесі, Сығанақ көшесі — Ш. Айтматов. № 61, 101 бағдарлар «№ 81 мектеп-лицейі» соңғы аялдамасына дейін өзгеріссіз, ал одан әрі І. Омаров көшесі – Сарайшық көшесі – Ш. Айтматов көшесі – Сығанақ көшесі сызбасымен жүреді. Қосымша ақпаратты 574 – 777 телефоны арқылы байланыс орталығынан алуға болады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту