Ескі архив · 18.10.2016 23:41

Астанада навигация маусымы аяқталды

Астанада Есіл өзенімен навигация маусымы аяқталды. «Есіл-Астана» ҚКҚК ақпараты бойынша, жазғы маусымда кәсіпорын 20 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл ретте 5 жолаушы теплоходы қатынады. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2 млн. 977 мың теңгеге теплоходтар жалға берілді. Өзенмен серуендеу маусымын 2017 жылғы мамырдың ортасында бастау жоспарланып отыр.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту