Ескі архив · 19.10.2016 23:46

Астана қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Ауа температурасының күрт төмендеуі мен жауын-шашынның түсуіне байланысты Астана қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. «Астана Тазалық» ЖШС-інің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күннің өзінде қала аумақтарын тазалап, жолдарға құм-тұз қоспасын себу үшін 139 арнаулы техника мен 250-ден аса адам жұмылдырылды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде елордада күн бұлттанып, оқтын-оқтын қар жауады, сырма боран соғып, көктайғақ болады. Ертең, 20 қазанда ауа температурасы түнде 4...6° С, күндіз -1 -ден +1°С-ге дейін. 21 қазанда ауа температурасы түнде 6...8°С дейін төмендеп, күндіз 1 — 3°С нөлден төмен. 22 қазанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, сырма боран соғады. Солтүстіктен 914 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде7...9°С, күндіз 2 4°С.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту