Ескі архив · 19.10.2016 23:48

Астанада конькимен жүгіруден Әлем кубогының ІІІ кезеңі өтеді

2016 жылдың 2-4 желтоқсанында «Алау» мұз айдын сарайында Әлем кубогының ІІІ кезеңі өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ «Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы» РҚБ. Спорттық журналисттер мен фотокорреспонденттерді аккредитациялау басталды, ол үшін белгіленген үлгідегі нысанды толтырып, nfk_pr@mail.ru электронды поштасына жолдау керек. Өтінімдер 4 қарашаға дейін қабылданады. Айта кетейік, жақында Астанада конькимен жүгіруден ҚР Кубогы өткен болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша Әлем кубогының кезеңдеріне қатысатын ел құрамасына кіретін спортшылар анықталды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту