Ескі архив · 26.10.2016 15:04

Алматыда Қазақша КВН ойындарының алғашқы жартылай финалы өтті

Қазанның айының бас кезі — қазақша КВН ойындары үшін жартылай финалдық ойындар кезеңі. Алматы қаласында өтіп жүрген республикалық Алматы ашық лигасының жартылай финалы 7 және 8 қазан күндері өтті. 22-23 қыркүйектегі іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсеткен командалар өзара сәлемдесу, әзіл вайн, көрініс сайыстары бойынша сайысты. Жартылай финалда 11 команда өнер көрсетті. Ойын жоғары деңгейде өтті. Қазылар алқасының құрамында: • Театр және киноактері – Алмат Сақатов • Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы — Елнұр Бейсенбаев . • Театр және киноактері – Боранбаев Асылбек • Тележүргізуші, көптеген жобалардың авторы ардагер КВНші – Оралғазин Марат • БАС продакшн директоры, продюсер – Ақылбек Досжанов Ойын соңында қазылар алқасы өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Жартылай финалдық ойынымыздың бірінші күнінде өнер көрсеткен командалар және ұпай сандары. • Апорт – 10,2 • Жұлдызды жігіттер – 9,4 • ІТ құрамасы – 9 • Рояль – 11 • Шапалақ – 11,4 • АТУ құрамасы – 10,4 Тікелей финалға жолдама алған командалар: • «Шапалақ» Талдықорған – 11,4 • «Рояль» — Алматы Резервпен: «АТУ құрамасы» — 10,4 Ойынның екінші күні қазыдар алқасының құрамына өзгерістер енген болатын. Қазылар алқасының құрамында: • Құлахметов Рамис • Достаев Марат • Досжанов Ақылбек • Оралғазин Марат • Жақсыген Нұрсұлтан Өнер көрсеткен командалар және ұпай сандары: • «11 пәтер»Алматы – 9,4 • «Номад» Алматы – 9,2 • «Ханшайым» Алматы – 9,4 • «Аялдама»Алматы – 8 • «Том и Джерри»Алматы – 11,4 Финалға тікелей жолдама алған командалар: • Том и Джерри -11,4 • Ханшайым – 9,4 • 11 пәтер – 9,4
Авторы:
jaidarman

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту