Ескі архив · 26.10.2016 15:09

Қазақша КВН ойындарының екінші жартылай финалы қорытындыланды

Қазан айының 17-18 жұлдызында Республикалық Алматы Ашық лигасындағы Бірінші лига командалары арасында жартылай финалдық сайыстары өтті. Жартылай финалдық сайысқа 11 команда өткен болатын. Ойынның бірінші күні 5 команда өнер көрсетті. Қазылар алқасының құрамы: Театр және киноактері – Алмат Сақатов, Қазақша КВН ойындарының чемпионы, тележүргізуші, «Спарта» командасының ойыншысы – Мырзабек Еркебұлан, БАС продакшн директоры, продюсер – Ақылбек Досжанов, Ардагер КВНші, Чемпион, финалист – Бердалиев Еркебұлан, Тек қана қыздар – Мереке Қалбаева. Ойын соңында қазылар алқасы өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Жартылай финалдық ойынымыздың бірінші күнінде өнер көрсеткен командалар және ұпай сандары. • Жетісай – 10 • «Чехов аялдамасы» Павлодар – 10 • «S класс» Орал — 8,8 • «Томирис» Алматы – 8,4 • «Намыс» Орал – 8,2 Тікелей финалға жолдама алған командалар: • Жетісай – 10 • «Чехов аялдамасы» Павлодар – 10 • Резервпен: «S класс» Орал — 8,8 Ойынның екінші күні қазылар алқасының құрамына өзгерістер енген болатын. Қазылар алқасының құрамында: • Театр және киноактері – Алмат Сақатов • Қазақша КВН ойындарының чемпионы, тележүргізуші, «Спарта» командасының ойыншысы – Мырзабек Еркебұлан • БАС продакшн директоры, продюсер – Ақылбек Досжанов • Ардагер КВНші, Чемпион – Марат Достаев • Қоғам қайраткері – Дәурен Бабамұрат Өнер көрсеткен командалар және ұпай сандары: • «Студенттер қалашығы» Есік қаласы – 10,6 • «Жаңа толқын» Орал – 10,4 • «Қорғалжын құрамасы» Ақмола облысы – 9,6 • «Жем Сағыз» Ақтөбе облысы – 8,6 • «Классик» Алматы – 8,6 • «Жаңақорған құрамасы» ОҚО — 8 Финалға тікелей жолдама алған командалар: • «Студенттер қалашығы» Есік қаласы – 10,6 • «Жаңа толқын» Орал – 10,4 Резервпен: • «Қорғалжын құрамасы» Ақмола облысы – 9,6
Авторы:
jaidarman

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту