Ескі архив · 01.11.2016 00:45

Астанадан еліміздің өңірлеріне «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолға шығады

2016 жылғы 1 қарашада Астана қаласының теміржол вокзалында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы бастау алады. Акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және тағы басқа салалар бойынша консультациялық кеңестер беріледі. Акция 14 желтоқсанда аяқталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пойыз 35 елді мекенге тоқтайды. astana.gov.kz/kk/modules/material/11567
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту