Ескі архив · 14.11.2016 16:48

Астананың білім беру мекемелерінде сабақты тоқтату параметрлері

Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады. Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім мекемелерінде сабақты тоқтатудың параметрлері: – 1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес); – 1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда; – 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда; Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі). Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (бірінші ауысым) және 11.15-тен 13.00-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады: — Smart Astana мобильді қосымшасы бойынша, — «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылмаған болсаңыз, «Хабар», «Қазақстан-1», «ОРТ Қазақстан», «Астана ТВ», «КТК», «НТК» телеарналарынан «дауысты хабарлама» беріледі; — 109 телефонына қонырау шалуға болады (ұялы телефоннан тегін); — www.e.astana.kz Астана қаласы әкімдігінің электронды қызметтер порталында; — www.bilim.astana.kz Астана қаласы білім басқармасының сайтында; — Мектептегі кезекшінің телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады. Ата-аналарды мұқият болуға шақырамыз. Сабақты тоқтату туралы ақпарат жоғарыда көрсетілген уақытта ғана беріледі. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп, балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды сұраймыз.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту