Ескі архив · 15.11.2016 16:55

Астанада қауіпсіз жол қозғалысы апталығы басталды

Елорда полициясының қызметкерлері ұйымдастырған акция жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оларға балалардың қатысуын болдырмауға және көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеріге бағытталған. Осы аптада оқу орындарында ата-аналардың қатысуымен кездесулер және конкурстар жоспарланған. Акция шеңберіндегі «Қамқор ана» атты алғашқы шара № 28 орта мектепте өтті. Конкурс барысында аналар жарық шағылыстыратын элементтері бар балалар киімін көрсетті. Әрбір қатысушы қараңғы түскен уақытта осындай киім киюдің маңыздылығы туралы әңгімелеп берді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту