Ескі архив · 23.11.2016 17:03

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» жастар акциясы

Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқын рухани-мәдени топтастыру, дәйекті және озыңқы дамуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылында «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманы іске асырудың басты міндеттерінің бірі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе, жастар арасында ілгерілету. 2016 жылдың 25 қарашасында сағат 15.00 Қарағанды қаласындағы Серік Сапиев атындағы бокс орталығында «МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» жастар акциясы өтеді. Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, Қарағанды әскери горнизоны бөлімшелерінің, Қазақстан халқы ассамблеясының, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-бірлестіктердің өкілдері, оқушы және студент жастар қатысады. Акция туралы толық ақапартты және басқа да іс-шаралар туралы алдағы уақыттарда #ЖастарТынысы хэштегі бойынша барлық әлеуметтік желілерден біле аласыздар.
Авторы:
ZhastarTynysy

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту