Ескі архив · 14.12.2016 22:38

Бүгінгі жас көшбасшы - ертеңгі білікті маман

Жастар Отанға лагерінің қатысушылары асыға күткен тақырыптағы семинар-тренингі 13 қараша күні болып өтті. Тақырып – студенттік ортадағы көшбасшылық. Семинарды жүргізген Азиз Есжанов жастарға өзі білім алып келген шет елдік студенттер ортасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары тәжірибесімен бөлісті. Германия еліндегі студенттік және жастар ұйымдарының біздің елдегі ұйымдардан өзгешілігін айта келген тренер, қазіргі таңда көп ерекшеліктің жоқ екендігін тілге тиек етті. Семинарға қатысушылар 2 сағат бойы жетекшілік ету дағдыларын, өз студенттік ұйымын ұйымдастырудың негіздерін, жоба менеджментінің негіздерін үйренді, өздік жұмыстарын орындап, талқылау алаңында сөз сөйледі.
Авторы:
BirzhanMurat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту