Ескі архив · 27.12.2016 04:13

Зорлық-зомбылыққа жоқ дейміз

2016 жылдың желтоқсан айының 2-сі мен 20-сы аралығында Алматы қаласының мектептерінде «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында семинарлар кешені болып өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласы əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық көшбасшылар, Еуразиялық келісім қорының, Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасының, Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының, Y-PEER халықаралық еріктілер желісінің, «БҰҰ-әйелдер» халықаралық ұйымының, БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының белсенділері қатысты. Əрбір жасөспірім қыз – болашақ ана, білікті маман, сонымен қатар, олар Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуіне үлесін қосатын көшбасшылар мен үздік саясаткерлер. Сондықтан зорлық-зомбылық əрекетін болдырмау үшін əрбір қыз баланы қорғау шараларын қолға алу керек. Статистика бойынша əлемдегі əйелдер үлесінің 35%-ы осындай зорлықтың құрбаны болады. Мемлекет, отбасы, қоғамдық институттар күш біріктіріп, қауіпсіз əрі еркін жағдайда қыздардың адами әлеуетінің өсуіне, жан-жақты білім алып, технологияларды игеруіне ықпал ете отырып, жасөспірім қыздарға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алады.
Авторы:
BirzhanMurat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту