Ескі архив · 06.02.2017 15:59

Сексенбір деген кімдер?

Шығыс және Зороастр күнтізбесі бойынша 81-лердің сипаттамасы: — Өте жарқын тұлғалар. Киім киісі, әзіл деңгейі, сөйлеу мәнерлері бөлек. Орта ішінде бірден байқалады. — Пікірталасты ұнатады. Ойларын ашық айта алады. Біреуді ренжітіп аламын деп ойламайды. — Басқаларды сынауды ұнатады. Бірақ өзіне айтылған сынды көтере алмай қалатын кездері болады. — Өте белсенді адамдар. Достары және таныстары өте көп. Адамдармен тез тіл табысып, достасып кетеді. — Мықты ұйымдастырушы. Алын ала бәрін жақсы жоспарлайды. — Сенгіш емес. Кей нәрселерді ешкімге сенбей өзі жасайды. — Ақкөңіл, адал, мейірімді. Сондай-ақ эгоист те. — Шығармашылыққа жақын адамдар. — Жауапкершілігі мол, өз ісіне мұқият. Қоғамдық жұмыстарға да бейім. — Отбасын кеш құрады. Отбасылық өмірде де жалғыздықты, еркіндікті қалайды. — Өздеріне сенімді адамдар. Басқарылуды да, басқаруды да ұнатпайды. Таныс адамдар ма? ;)
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту