Ескі архив · 15.02.2017 17:05

Қарағанды мемлекеттік медицина колледжі

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында "Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы" КММ Ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімінің мамандары " Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын түсіндіру мақсатында Қарағанды мемлекеттік медицина колледжінде білім алып жатқан студент жастармен кездесу өткізді. Сондай-ақ, аталмыш кездесуге Қарағанды қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы мен Қарағанды облысы Конфессияаралық қарым-қатынастарының проблемаларын зерттеу орталығының маманы қатысып, Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) және діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Авторы:
ZhastarTynysy

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту