Ескі архив · 03.05.2017 21:44

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар рейтингі

Boxrec.com сайтындағы мәліметтер бойынша Қазақстан атынан шығып жүрген 60 боксшы бар. Рейтингтері бойынша қарайтын болсақ алғашқы ондық: Геннадий Головкин 1/1543 boxrec.com/boxer/356831 Жанат Жақиянов 11/971 boxrec.com/boxer/444007 Бейбіт Шүменов 15/1256 boxrec.com/boxer/427368 Иса Акбербаев 35/1256 boxrec.com/boxer/506803 Қанат Ислам 54/1792 boxrec.com/boxer/628426 Батыржан Жүкембаев 78/1881 boxrec.com/boxer/729904 Бекман Сойлыбаев 82/1423 boxrec.com/boxer/698073 Мадияр Әшкеев 107/1792 boxrec.com/boxer/740162 Жаңқош Тұраров 116/2226 boxrec.com/boxer/483668 Бахтияр Эюбов 117/2226 boxrec.com/boxer/602453 Аты-жөндерінің жанында өз салмағы бойынша нешінші орында екені және қанша боксшы бар екені жазылған. Сілтемелер бойынша өтіп, әр боксшының толық статистикасын қарауға болады. Таныс бір Бокс/ММА маманының айтуынша бастапқыда "қапшықтармен" шығып, статистика жинайды, өсе бастайды. Кейін профидің өз кезеңдері болады, мықтылармен шығып рейтингте көтеріле бастайды дейді. Яғни, өзінен жоғарылармен жиі шығу керек. Ұзақ уақыт "қапшықтармен" жүре берсе еш нәтиже болмайды. Бұл тұрғыда Иса Акбербаев жақсы көтеріліп келеді екен. Жанат Жақияновты көп адам танымаса да нәтижелері жақсы. Ал Қанат Исламға енді мықтылармен шығу керек. Жастардан Жаңқоштан үміт күтуге болады. Толық тізімді көргіңіз келсе Boxrec сайтындағы іздеу функциясын пайдаланыңыз, елге Қазақстан деп жазсаңыз, бәрі шығады
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту