Ескі архив · 17.05.2017 20:41

«Шеберлер жарысы». Әңгіме.

— Еее! Менің алдау шеберлігімді көрмедіңдер ғой сендер, үш адамды бір-ақ алдап жүрмін, үшеуіне үш түрлі өтірік кетіп жатыр! — Ойыншық екен ғой сенікі, мен қырық адамды өтірікке тойғызып жүрмін. — Ееей, балақайлар, тыныш бола қалсаңдаршы, миллиондарды алдап жүрген көкелеріңнің қасында отырғанда! — Қоя салыңдаршы… — ???.. — Алдау сендердің не теңің… — Жүдә семіз сөйледіңіз ғой ағасы! Сіз қанша адамды алдап жүрсіз? — Бір… — Бііір?! Бір! А-ха-ха-ха-ха!.. Ия, кім екен ол біреуіңіз? — Өзім… — … — … — …
Авторы:
Kemenger

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту