Ескі архив · 11.06.2017 14:00

Елордалық баскетболшылар ҚР чемпионы атанды

Балқаш қаласында қыздар арасында өткен баскетболдан ҚР чемпионатында Астананың намысын №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиленушілері қорғады. Жарысқа 2003-2004 және 2005-2006 жылдары туылған ойыншылар қатысты. 2005-2006 ж.т. баскетболшыларымыз ерекше ойын үлгісін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олармен бірге Астана атынан барған 2003-2005 ж.т. ойыншылар 7 команда ішінде 5-ші орыннан көрінді. 2003-2004 жылдары туылғандар категориясы бойынша Астана, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Батыс-Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шымкент қалаларының командалары қатысты. Бұл жас категориясы бойынша қортынды мынадай: 1 орын – Қарағанды облысы 2 орын – ОҚО 3 орын – Ақмола облысы 4 орын – Ақтөбе облысы 5 орын – Астана қаласы 6 орын – БҚО 7 орын – Шымкент қаласы 2005-2006 жылдары туылғандар категориясы бойынша Астана, Қарағанды облысынан 1 және 2 команда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Челябинск қалаларының командалары өзара мықтыны анықтады. Финалда Астана мен Қарағанды облсының 1 командасы кездесіп, 57-46 есебімен аяқталды. Осылайша, елорда командасы екінші рет осы жас категориясы бойынша Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды. Бұл жас категориясы бойынша қортынды мынадай: 1 орын – Астана қаласы 2 орын – Қарағанды облысы – 1 3 орын – БҚО 4 орын – ОҚО 5 орын – Қарағанды облысы – 2 6 орын – Челябинск қаласы Чемпионат қорытындысы бойынша әр жас категориясы бойынша жаттықтырушылардың дауыс беруі арқылы турнирдің ең үздік ойыншылары анықталады. Бұл жолы елорда командасы атынан 5 үздік спортшы қатарына №5 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің 3 оқушысы енді. 2003-2004 жылдары туылғандар категориясы бойынша Дарья Богданец үздік ойыншы атанды. 2005-2006 жылдары туылғандар категориясы бойынша үздік ойыншылар қатарынан Дарья Головина мен Тамила Солсанова көрінді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту