Ескі архив · 12.06.2017 14:11

45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астанада 82 мектепте демалыс лагерьлері ашылды. Бұл жерлерде бастауыш сыныптардың 45 мың оқушысына демалыс ұйымдастырылуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығына қалалық білім басқармасы. Мектеп жанындағы лагерлерде тек тамақтану үшін ғана 500 теңге төленеді. Жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардың балалары тегін, жергілікті бюджет есебінен тамақтандырылады. -Мектеп жанындағы лагерьлердің ерекшелігі – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарынын дамыту, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, — деді қалалық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекші маманы Еркөкше Қафизов.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту