Ескі архив · 20.06.2017 01:09

Есілдің терең жерінде шомылу қауіпті

Құтқарушылар Астана тұрғындары мен қонақтарына ашық су қоймаларында шомылу кезінде аса абай болуға кеңес береді. Терең жерлерде су әлі салқын. Сондай-ақ, мамандар алкогольді ішімдік ішіп суға түсу, үлкендердің қарауынсыз балаларды суға жіберу өте қауіпті екенін еске салады. Арнайы жабдықталған, рұқсат етілген жерлерде ғана шомылған абзал. Тап сол жерлерде күн сайын сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін құтқару қызметі жұмыс істейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қалалық жағажайда демалуға мүмкіндік мол. Астанадағы жалғыз жағажай – Тұран 2/1 даңғылында. Құтқарушылар Есіл өзеніндегі суда шомылу еш қауіпті емес екенін айтады: сүңгуірлер шомылатын орындарды күн сайын тазалайды. Астана қаласының әкімдігі барлық демалушыларға сәттілік тілеп, судағы қағидаларды еске салады: Рұқсат етілмейді: • судың тереңдігін тексермей жатып жарлар мен мінберлерден секіруге • белгіленген жерден асып кетуге немесе су тоғандарын толық жүзіп өтуге • мас күйінде шомылуға • суда қауіпті ойындар ойнауға • суық суда ұзақ шомылуға • егер жүзу білмесеңіз үрленген матрастар мен шеңберлер арқылы жағажайдан ұзап кетуге • судың жанында балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға • балаларға таныс емес жерлерде шомылуға, алысқа жүзуге, егер балалар жүзу білмесе қауіпсіздік құралынсыз суға түсуге рұқсат етуге болмайды.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту