Ескі архив · 23.06.2017 12:59

Елордада асық атудан қала чемпионаты өтті

Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыста «Жігер» спорт клубының командасы чемпион атанды. Клубтың атынан 10 ойыншы қатысты. Қыздар арасында Қуанова Аружан, Даниярова Кәмила және Бекмахан Жайна, ұлдардан – Серік Ернар, Мыңтөре Нұрбақыт, Серік Досжан ептілік танытып, үздік атанды. Ал күміс жүлдені ұлдар арасында №2 мектеп-гимназияның командасы еншілесе, №24 орта мектептің оқушылары қоланы қанағат тұтты. Қыздар арасында №18 мектептің командасы – үшінші орында.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту