Ескі архив · 26.06.2017 21:43

#QazzaqDepression. Дәуіт Линч. "Мүгедектер"

— Байзыл, э Байзыл… — Не нақ? Болмайд дейм… — Байзыл, келіп тұрмын ғой енді… — Қой дейм! Саған негізі үшінші группа да берілмеу керек! Аппетитің жаман! Анау-мынау тексеріс болса, үшінші группадан да алып тастайд! — Екінші группа қылып бер енді, Байзыл… — Лібә, антикоррупционщиктер мына жақтан (төбесін көрсетті), внутренний безопасность мына жақтан (тасының түбін көрсетті) қос қолдап ұстап тұрып, айдап жатыр! Ар жағындағы он бір мың үшін сен де нақ… — Он бір мың бізде ақша, Байзыл! Жақсылыққа — жақсылық қайда, Байзыл? Бастығыңа жақсы көріну үшін — киіз үйімді алғанда, ау салғанда, қайығымды алғанда — бермейтін уәдең болмайды осы! А так сен — квартираға кезекке қойып берем дегенсің, исчо! Квартира қолыңнан келмейді, ол көрініп тұр. Қолыңдағы нәрсені сұрап тұрмын, Байзыл! — Сукі, тағы бір түсіндіріп көрейінЧ. Саған үшінші группаны қалай алдық? Башпайы астына қайырылып өскен дедік. Ал сен екі күннің бірінде базарда шауып жүресің! Базар — толған құлақ. Сосын, ішівалсаң — «баражняг ақша алып, үкіметтің аузын тігіп отырм» деп лепіретінің бар. Екінші группа саған ниқоя келмейд… — Жігіт емеспін десейші үйтіп марал оқығанша, Байзыл! Ай лібәәә, біліп едім! Бросты мойындашы, жігіт емеспін деп — мазаңды алмайм! — Ахх… Ой лібәәә… Тұра тұршы… — О, әне біздің Байзыл! Қазір ам алын табады Байзыл! Байзыл жігіт қой… Байзыл Гольдштам әбден мезі еткен Қарамеңді Ейсвудқа қарап-қарап, қарап-қарап, қарап-қарап тұрды да, құлағына қал амын, кеңірдегіне қарындашын сұғып алды. — Ой сукі, байқамай бірінші группа қылып жіберген сияқтымын — деді сосын. — Бірінші группа елу жеті мың ба еді… — деді Қарамеңді сұлап бара жатып. Дегенде, дедім деп ойлады, әйтпесе дыбыстың орнына — қарындаш қадалған тұстан қан интонациясына сәйкес қорқ-қорқ еткен ғана болатын. Қас қылғанда қалам қадалған құлағымен құлап, жан-тәсілім етті…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту