Ескі архив · 27.06.2017 15:43

Міндетті медициналық сақтандыру 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілмек

Бірінші медициналық сақтандыруға қажетті сома 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бөліне бастайды. ММС жынысы мен жас мөлшері, әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы мен кіріс табысына қарамастан сақтандыруы бар ҚР барлық азаматтарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының есебіне медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алуға теңдей мүмкіндік беруге кепілдік береді. Астана қаласы әкімдігі №1 қалалық ауруханасында барлық азаматтар үшін аталмыш реформаға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Онымен бірге әкімшілік қызметкерлер мен дәрігерлер спикер ретінде азаматтардың кез-келген сұрақтарына екі тілде жауап береді. — «Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру» деген не және ол қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктер береді? — Міндетті сақтандыру құнын кім төлейді және қанша мөлшерде? (мемлекет, қызметкерлер, жұмыс берушілер, ЖК сияқты өзінің жеке ісі бар азаматтар)? — Халықтың қай санаты заң бойынша міндетті сақтандыру Қорына жарна төлеуден босатылады (мемлекет кім үшін төлем жасайды)? — Мемлекет кепіл беріп отырған тегін медициналық қызмет көмегінің ішіне қандай қызметтер кіреді? (көрсетіліп отырған кейбір медициналық көмектің қай түрі сол тегін күйінде қалады) — ҚР-да ММС-дың шарттары бойынша ұсынылып отырған қандай медициналық қызметтер кіреді? (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру), (Медициналық сақтандыру Қорына жіберілетін жарнаға қандай медициналық қызметтерге төлем жасалынады)? — Шетелдіктер мен оралмандарға медициналық көмек қалай көрсетіледі? — Міндетті сақтандыруға аударылатын ақша қайда түседі, жарна төлемейтіндердің есебін кім жүргізеді, бақылауда ұстайды? — Елімізде енгізіліп жатқан міндетті медициналық сақтандырудың мақсаты қандай, ол не үшін енгізгелі отыр? Қала тұрғындары мен қонақтары аталмыш аурухананың баспасөз-қызметіне барып, өздерін қызықтырған кез-келген сұрағына жауап ала алады. Әлеуметпен жұмыс істеуге арнайы бекітілген жауапты қызметкер — Ұлан Дәулетханов +77012029292.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту