Ескі архив · 30.06.2017 03:36

Бөрібай Бекарыс. Өлеңдер.

Үйiн сатты саудалай, Картина, зат талғамай. Жиналған бар қаржының Бәрiне гүл алғаны-ай… Далбан-ай, далбан-ай, далбан-ай… *** — Сұлулық шыңы-ау бұл қыз, Не ойлайсың, Абдул? Пiкiрiңнен бiлгiз. — Ябвдул. *** Бiреу у iшiп алған, Бiреудiң iшi қан-қан, Бiреуде миокард, Бiреу өтсiз қалған. Бiреу дольче киiп, Майқұдыққа барған. Бiреу жолдан өтсе, Тормоз ақау болған. … Ұзақ өмiр сүру — бәрiнде бiр арман. Осындай жалған. *** Айнала аппақ. Таң ата. — Дәрiгер? Мен қайдамын? — Аурухана. Палата. — Өзiм де солай ойладым. Жұмыста отыз төрт едiк, Кiлең достар, қалың ел. Офис кеттi-ау өртенiп… Бәрi аман ба, дәрiгер? — Бәрi өлдi, бiрi қап, Аман қыпты тап сенi… — Тоба! Бәрi тiрi қап, Мен өлгенiм жақсы едi! :( Жалғыздықты көргенше… Кiмдер қалды дос болар?.. — Ойнап айтам, өлген сен, Аман-есен басқалар. :) Әдет қылған ойнауды Приколиспiн бiр қызық. … Әзiрейiлге айналды. Қазан кеттi шыжғырып. *** Бір жан Ішінде құм боранның Жылап отырды тым қатты. Жаратушысы бұл ғаламның тоқтап, далада тіл қатты: «Жәбір көрген пенде жақпын, Реттеймін бәрін бір демде! Адал жүрген елге — Хақпын, Жаратқаныңмын, біл, пенде! Құсасы көп, шері жаман кім едің?» болды сұрағы. «Мен – қазақпын», — деді адам. Құдай… қосылып жылады. © Boribay_Bekarys
Авторы:
ytudewyt

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту