Ескі архив · 05.07.2017 10:03

Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері 2500 тонна өнім әкелмек

8-9 шілдеде «Қазақстан» спорт сарайының көлік тұрағы аумағында жәрмеңкелер маусымын Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады. Жалпы 2 500 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: көкөніс және картоп – 300 т, ет және ет өнімдері – 100 т, бал -20 т, сүт өнімдері – 51 т, балық – 143 т және т.б. Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады. Жәрмеңке қатарынан 2 күн (сенбі-жексенбі) сағат 09.00.-ден 18.00.-ге дейін өткізіледі. Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту