Ескі архив · 20.07.2017 15:40

Артқали Джером-Джером. "Ұят болды"

Балконда банка-қалбыр ақтарып жүрген əйелім айқай салды: "Əй, сені шақырып жатыр". Наушникті шешіп, тұрып барып терезеден мойын қылтиттым. Қойшы Майкл. Оу, бұл қайдан жүр?! Таудан түскен беті болса керек, плащын шаң басқан, аяқ киімі балшық-балшық. Ыржиып тұр. — Джереми, əшалау! Қал қалай, е? — Өй, аманшылық! Нағып жүрсің? Көтеріл, шəй іш. — Асығыспын, е. Өткенде берген парнухаларыңды қайтып бере салайын деп ем. Лақтырсам, ұстайсың ба, е? Ақкөңіл амиго-ай. Интернеттен зерікпесін деп видеолар жазып берген дискті уақытша алғам екен деп қалған ғой. Қайдан білсін гигабайттап онлайн қарайтынымды… Ұят болды, шешесс.
Авторы:
eqogurav

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту