Ескі архив · 20.07.2017 13:57

Елордалық автовокзал билеттерді онлайн сату жүйесін енгізді

Интернет-сатылым «Авибус» ақпараттық жүйесін енгізу аясында іске асырылуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталық тілшісіне«Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжанов. Тағы бір жаңашылдық – электронды терминалдар. Әзірге олар автовокзал ғимаратында пайда болды, ал екінші жарты жылдықта елорданың сауда үйлері мен темір жол вокзалдарында орнату жоспарлануда. -Жаңа қызмет жақында ғана жүзеге асырылды, бірақ оның тиімділігі – жолаушылар үшін жылдам әрі ыңғайлы, — деді Ж.Бекжанов. Күн сайын автовокзалда 3 мың билет сатылады, оның 150-і онлайн-режимде сатылып алынады. Астана автовокзалы халықаралық, облысаралық, облыстар ішіндегі маршруттарға қызмет көрсетеді. Күн сайын автовокзал 158 рейс жөнелтеді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту