Ескі архив · 27.07.2017 17:01

№50 және №105 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгертілді

Елордада қаланың бағыттық желісін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 29 шілдеден №50 бағыт қозғалысының сызбасы ұзартылды: «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аялдамасынан автобус мына бағыттар бойынша жүреді: Байтұрсынов көшесі – оңға Шарбақты көшесіне-солға Шалкөде көшесіне – жаңа соңғы аялдама «Промышленный» тұрғын үй массиві. Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. №105 жылдам бағытының қозғалыс сызбасы: соңғы аялдау пункті Нұрлы жол» теміржол вокзалы болады. «Бал бала» балабақшасы соңғы аялдамасынан автобус Абылай хан даңғылы және Қобда тұйығына дейінгі қиылысқа дейін жүреді, ары қарай оңға мына бағыт бойынша: Қобда көшесі – Төлеубаев көшесі – Шарбақты көшесі – теміржол эстакадасы бойындағы жолмен – «Нұрлы жол» т/в». Қалалық автобус бағыттарының өзгеруі жолаушылар ағынының өсуімен және жаңа қалалық нысандардың іске қосылуымен, оның ішінде тұрғын үй массивтерінің пайдалануға берілуімен байланысты.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту