Ескі архив · 28.07.2017 23:28

Британдықтар "Астанадағы бақыт сыйлайтын жерлер" картасын құрады

2-3 тамыз аралығында Astana Music Hall-да британдық InvisibleFlock ұжымы еліміздің астанасы туралы «Бақытта адамдар Live» музыкалық қойылымын қояды. Қойылым ең бақытты сәттерді сезінген қаладағы жерлер туралы Астана тұрғындары мен қонақтарының естеліктеріне негізделген. Шілде айында «Керуен» ОСО-да кез-келген тұрғын интерактивті тақтайшаға өзінің арман-мақсаттарын жазып, ұмытылмас естеліктермен бөлісе алу мүмкіндігіне ие болды. -Астана біз үшін – әрдайым шабыттандыратын бірегей қала. ЭКСПО кең ауқымды шарасын сапалы өткізіп жатырсыздар. Керемет әсер алдық, — деді InvisibleFlock өкілдері. Қойылым ЭКСПО-2017 үшін британдық FutureCreative мәдени бағдарламасы аясында өтеді. Invisible Flock — интерактивті арт-студия, ол 2009 жылы Лидс қаласында Бен Итон, Виктория Пратт және Ричард Уорбертон есімді үш суретшімен құрылған. «Бақытта адамдар Live» қойылымына билеттерді www.biletiastana.kz. сайтынан сатып алуға болады. «Астанадағы бақыт сыйлайтын жерлер» картасы: www.invisibleflock.com/bringthehappy/newMap.html Толығырақ жоба туралы: www.britishcouncil.kz/ru/programmes/arts/bring-the-happy
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту