Ескі архив · 01.08.2017 19:03

Астанада елорданың ең үздік қызметкеріне дауыс беру басталды

1-31 тамыз аралығында «Еңбек жолы» кәсіпорындар қызметкерлері арасында жалпықалалық байқаудың ең үздік үміткері үшін онлайн-дауыс беру басталды. Байқауға қатысу үшін 23 өтініш келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 20 мамыр-20 шілде аралығында жүзеге асырылды. — Байқау Елбасының идеясын іске асыру аясында өткізілуде. Президенттің жарлығымен Еңбек күні бекітілген болатын. «Еңбек жолы» байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – еңбек адаманының әлеуетін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс мамандықтарын насихаттау. Байқау үш аталымнан тұрады: «Ең үздік еңбек династиясы», «Ең үздік кәсіпорын қызметкері», «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі». Жеңімпаздарды таңдау екі кезең бойынша іске асырылады: қалалық және республикалық деңгейде. Дауыс берудің бірінші кезеңі бүгін басталды және ол 31 тамызда бітеді,- деді жұмыспен қамту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақпал Ақбасова. Ең үздік қызметкерге мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSccezf4uWvcVa-xBtUg_XZnJdsfKOskrkvG2ZiYToOOw8GaxQ/viewform Дауыс беру 3 аталым бойынша жүзеге асырылады: 1.«Үздік еңбек династиясы»- ең ұзақ еңбек өтілімімен бірнеше марапаттауы бар ең көпжылдық династия таңдалады. 2. «Өндірістің үздік жас жұмысшысы»-5 жылдан кем емес еңбек өтілімімен өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады. 3. «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі»-20 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар ең жоғары нәтижелі жетекші таңдалады. Дауыс беру 3 аталым бойынша өтеді: Онлайн-дауыс беру — ең көп дауыс жинаған әр аталым бойынша 3 көшбасшыны анықтайды (бас-аяғы 9 үміткер). Екінші кезеңде өңірлік комиссия 3 көшбасшы арасында байқаудың жеңімпаздарын анықтайды. Ең үздік қатысушыларды марапаттау республикалық «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» форумын өткізу күнінде өтеді. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушылар алғысхаттармен марапатталады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту