Ескі архив · 01.08.2017 19:06

Астанада Үлескерлерді қолдау орталығы ашылады

2017 жылдың 2 тамызынан бастап үлескерлік құрылысқа қатысатын салымшылар үшін елордада Үлескерлерді қолдау орталығы ашылады. «Бір терезе» принципі бойынша жұмыс, мемлекеттік орган өкілдеріне үлескерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, және құқықтық мәселелер бойынша уақытылы кеңес беру орталықтың басты ерекшелігі болып табылады. Қызметтің басты бағыты — өтініштерді қабылдау мен оны жедел қарастыру, қылмыстық істер, азаматтық және әкімшілік істер бойынша болмаған сот актілері бойынша тексеру барысы туралы ақпараттандыру. Прокуратура, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, тергеу органдарының, басқа да мемлекеттік қызмет пен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қызмет көрсетеді. Орталықтың жұмысында үлескерлер арасында дау-дамайды жою бойынша медиатор қатысады. Бастапқыда орталық аптасына 3 рет сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс істейтін болады (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма). Орталық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан. Мекен-жай: Астана қ., С409 көшесі, 13 үй (С. Сейфуллин көшесінің басы).
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту