Ескі архив · 02.08.2017 19:23

Астанаға 50-ден астам өңірлік кәсіпорын өз өнімдерін әкеледі

5–6 тамыз "Қазақстан" спорт сарайы маңындағы тұрақта Атырау мен Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді. Сөрелерге 100-ден астам атаулы 670 тонна өнім қойылады. Оның ішінде еттің барлық түрлері — 33 тонна, сүт өнімдері — 90 тонна, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикат ет — 59 тонна, жарма мен макарон өнімдері — 72 тонна, картоп пен көкөністер — 55 тонна, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдер — 70 тонна, ұн — 93 тонна және тағы басқа. Айта кетейік, жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы базармен салыстырғанда 10–15% арзан болады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту