Ескі архив · 03.08.2017 19:27

Астанада жас ақындар байқауы өтеді

Қазақстанның жас ақындары сөз саптаудың байқауына қатысып, туған жерге деген ыстық махаббатын, ықыласын білдіре алады. — Н. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын іске асыру аясында Астана қ. Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқарма ҚР мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына орай жас ақындар байқауын өткізеді, деді баспасөз-конференциясы барысында Астана қ. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Асхат Оралов. Байқаудың негізгі тақырыптары – туған жерге деген махабатты насихаттау, арттыру. Жас ақындар сайысы ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналып отыр. Оған 16-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Сайыс 3 кезең бойынша өтеді. Бірінші – байқауға қатысу үшін өтініш қабылдау, өтінішті 5 тамыз-5 қыркүйек аралығында bm_30@mail.ru электронды поштасына жолдау керек. Екінші кезең – қазылар алқасы өтініштерді қарау бойынша жиын өткізіп, үміткерлерді іріктейді. Үшінші кезеңде жеңімпаздар анықталып, байқаудың қорытындысы бойынша марапатталады. Байқаудың жеңімпаздары I, II, III деңгейдегі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту