Ескі архив · 04.08.2017 19:36

Астанада кәсіби бокс кеші өтеді

9 қыркүйекте «Сарыарқа» велотрегінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған кәсіби бокс кеші өтеді. Көптен күттірген бокс кеші өтпек, атап айтқанда бокс саңлақтары Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында жекпе-жек өтеді. Кештің басты айқасында қарсыластар 1-ші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental және WBO-NABO версиясы бойынша титулға өзара бақталасады. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта біздің еліміздің мақтанышы, бокс саңлағы – Қанат Ислам — бұл титулдардың иегері. Рингте танымал қазақстандық боксшылардың қатысуымен 8 жекпе-жек өтеді. Олардың ішінде — Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жаңайбаев сынды мықты спортшылар бар. Бүгін, 4 тамызда Қанат Ислам, Жанқош Тұраров және Нұрсұлтан Жаңайбаев жаттықтырушылардың делегациясымен Нельсон Лопестің басшылығымен Алматыдан Астана қаласына келеді. Кәсіби бокс кешінің Бас серіктесі – ҚР мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, Астана қ. әкімдігі, ZHERSU” инвестициялық өндірістік корпорациясы, «QAZAQ Promoutions» және «Nelson Promotions» промоутерлік компаниялары.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту