Ескі архив · 05.08.2017 21:43

Астаналық әкімдік азық-түлік бағасын бақылауда

28 шілде-6 тамыз аралығында жасалған бақылаудың нәтижесі бойынша, қырыққабат (22,0%), картоп (9,4%), жұмыртқа (0,7%) бағасы айтарлықтай төмендеген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі ай басынан 97,4%құрайды, жыл басынан 108,5%. «Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түліктің 67 өніміне өз бағаларын бекітті: (тауық еті, сүт өнімдері, гастрономия, тәтті сусындар, жартылай фабрикат өнімдері, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері). Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген. «Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті, «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады Қала билігі қаладағы «Астықжан», «Магнум» және «Шапағат» сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын қатаң бақылауда. 2017 жылдың наурыз айынан 32 өңіраралық жәрмеңке өткізілді, онда 12 мыңнан астам азық-түлік өнімі сатылды. 5-6 тамызда «Қазақстан» спорт кешенінің көлік тұрағы аумағында Қостанай және Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту