Ескі архив · 11.08.2017 16:00

Астанада веложарыс өткізу кезінде қозғалысқа шектеу қойылады

12 тамызда Астанада кәсіби «AstanaEXPO 2017 InternationalCriterium» веложарысы өтеді. Осыған байланысты сағат 12.30-14.00 аралығында Тұран даңғылы бойынша Сарайшық көшенінен Ұлы Дала көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Ұлы Дала көшесі бойынша Тұран даңғылынар Мәңгілік Ел көшесіне дейін, Ұлы Дала көшесінен Сарайшық көшесіне дейін жолдар жабылады. Оған қоса Қонаев көшесі, Ақмешіт көшесі, Достық көшесі және Түркістан көшесінде көлік қозғалысына толығымен шектеу қойылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту