Ескі архив · 28.08.2017 18:03

Астанада Оңтүстік-Қазақстан облысының күндері өтеді

29 тамыздан бастан 3 қыркүйекке дейін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында елордада Оңтүстік-Қазақстан облсының мәдени күндеріне арналған бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар өтеді. ОҚО мәдени күндері ҚР Конституция мерекесін тойлаумен тұспа-тұс келіп отыр. Ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтары үшін кең ауқымды бағдарламаларды әзірледі. ОҚО мәдени күндері елдің оңтүстік өңірінің жеткен жетістіктері, жоспарлары мен дамуының жан-жақты бағыттары туралы бизнес-форумнан басталады, ол 29 тамызда сағат 09.00-ден 11.00-ге дейіг ЭКСПО көрмесінің бас павильонында өтеді. Сол күні этноауылда сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін оңтүстікқазақстандық шеберлер қолданбалы өнер туындыларын ұсынады. Бұл жерде сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін облыстық «Сүгір» филармониясының халық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді. Ұлттық кітапханада сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін ОҚО ақындары мен жазушыларымен кездесу өтеді. Кешке сағат 18.30-дан 19.30-ға дейін «Нұржол» желекжолында өнер керуені көпшіліктің назарына ұсынылады. ОҚО өнерінің шеберлері «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017» концертімен өнер көрсетеді. Концерт «Бәйтерек» монументі алдында сағат 19.30-дан 22.00-ге дейін өтеді. 30 тамызда сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін «Қазақстан» орталық концерт залында ғылыми және көркем жұмыстардың экспозициясы назарға ұсынылады. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры, орыс драма театры, опера және балет театры, қуыршақтар театры, әзіл-ысқақ театры өзінің ең үздік қойылымдарын және шоу-концерттерін қояды. Елорда тұрғындары мен қонақтары 31 тамызда сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін, 16.00-ден 18.00-ге дейін шымкенттік цирктің «Томирис» қойылымын тамашалай алады. 2 қыркүйек сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін елордалық ипподромда қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады. 3 қырыкүйекте сағат 21.30-дан 23.00-ге дейін ОҚО мәдени күндері ЭКСПО аумағында амфитеатрда гала-концертпен аяқталады. 2 қыркүйекте сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін «Қазақстан» спорт кешенінде ауылшаруашылық жәрмеңке өтед
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту