Ескі архив · 29.08.2017 14:50

Жасы үлкен қыз

Үміттенген көздеріңе қараймын, Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз Кейде сізбен кездесуді қалаймын, Көргім келген арманымның бірі сіз. Бірі емессіз кезектегі он қыздың, Бөлектенді байқадыңыз жол біздің Құмарымыз қанбаса да сол кеште, Жақсы болды басылғаны тормыздың Салынбадық уақытпен ерегеске, Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?! «Қарамайды махаббат жасқа» десе, Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске… *** Хабары оның кеп тұрады, неліктен? Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді Әңгімеміз суыса да еліткен, Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді
Авторы:
ErnarSeytahmet

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту