Ескі архив · 31.08.2017 23:33

Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады

Елордалық әкімдікте Астана қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады. Жобалық кеңсе ұсыныстар мен ескетпелерді қабылдайды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Елбасының бағдарламасын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары кез-келген сұрақ бойынша Астана қ. жобалық кеңсесінің сенім телефондарына хабарласа алады: 55-67-92, 55-67-93, немесе Astana.rzh1@gmail.com электронды мекен-жайға хат жолдай алады. Онымен бірге тұрғындар өздерінің ұсыныстары мен тілектерін Астана қ. әкімдігінің ресми сайтынаhttp://astana.gov.kz жібере алады («Белсенді азамат» айдары, (Сіздің бастамаңыз). Кеңсе Бейбітшілік көшесі 11, №409 бөлмеде орналасқан.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту