Ескі архив · 04.09.2017 00:15

Елорда əуежайы жөндеуге жабылады

15-24 қыркүйек аралығында 09:00-ден 16:00-ге дейін ұшу-қону жолақтары жартылай жөндеуге жабылады. «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жөндеудің жүргізілуіне байланысты рейстер кестесі өзгергенін хабарлайды. Өзгерістер авиа компанияның Астанаға және елордадан ұшатын бірқатар рейстерінің кестесіне енгізіледі. Жолаушылардан өз сапарларының күнін алдын ала жоспарлап, рейстердің кетесін тексеруге кеңес береді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту