Ескі архив · 05.09.2017 00:23

Елордада нәтижелі жұмыспен қамту жаңа бағдарламасын жүзеге асыру басталды

7 қыркүйек 10:00-нан 13:00 дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» қорымен бірлесіп, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын және бұқаралық кәсіпкерлікті түсіндіру мақсатында ашық есік күнін өткізуде. Ведомство хабарлағандай, бағдарламаға жұмыссыздармен қатар, өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар да, сондай-ақ өз ісін енді бастағандар мен кәсіпкерлер қатыса алады. Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылына небәрі 6% құрайды. Барлық саланы қаржыландыру саудадағы айналымдағы қаржыны толықтырудан бөлек. Қызығушылық танытқандар мамандардан толыққанды кеңес алып, нәтижелі еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдаулар туралы біле алады. Шара Тәуелсіздік даңғылы, 3-үй, 32 аудитория, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының 3 қабатында өтеді.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту