Ескі архив · 15.09.2017 20:07

2,5 млн-нан астам адам "ЭКСПО-2017" көрмесіне барды

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін үш ай өткізу кезінде қалалық әкімдік 647 мәдени және халықаралық және республикалық 28 спорттық шара өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталық тілшісі. -«ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі ашылғаннан бері біздің астанамызға 5,4 млн адам келген, олардың ішінде 2,5 млн адам көрмені тамашалады, — деп хабарлады Астана әкімі Әсет Исекешев «ЭКСПО-2017»көрмесін ұйымдастыру және өткізуге атсалысқан үздік қызметкерлерді марапаттау салтанатында. Бұдан бөлек, әкімнің сөзінше, 10 маусымнан 4 қыркүйек аралығында еліміздің басқа аймақтарынан 77074 оқушы «ЭКСПО-2017-ні» тамашалады. -ШЫҰ мен ТМД елдері арасында оқиғалық мүмкіндіктер рейтингіне сәйкес, Астана 5 үздік елорда қатарына енді. Астана тұрғындарына көрме идеясын жүзеге асыруға танытқан қолдаулары үшін алғыс білдіремін. Мыңдаған адам көрменің сәтті өтуі үшін еңбектенді. Мен барлықтарыңызға қатысқандарыңыз үшін ризашылығым шексіз, — деді Әсет Исекешев.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту