Ескі архив · 18.09.2017 23:48

Елордада екі қабатты автобуста 5 мыңнан астам турист серуендеді

Сәуір айынан бастап елорданың көрікті жерлерін жайлы экскурсиялық автобустар терезесінен 5 мың қонақ тамашалады, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нің бас менеджері Айнұр Жанәбілова. Саяхат бағыты алдын ала белгіленетіндіктен, ал билеттер бір күн бойы жарамды болғандықтан туристер кез келген аялдамада аялдай алады. -Экскурсиялық автобустың ерекшелігі ол Hop-On Hope-Of жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бұл дегеніңіз – турист билетті сатып алып, кез келген уақытта бағыт аялдамаларынан шығып, қаланың көрікті жерлерімен жан-жақты таныса алады. Одан кейін автобус келгенде саяхатшылар қосымша билет сатып алмай-ақ ары қарай сапарын жалғастыра береді, — деп хабарлады А.Жанәбілова. Қызыл автобустар Астананың айтулы жерлері туралы ақпаратты құлаққап арқылы тыңдауға мүмкіндік беретін аудио жүйемен жабдықталған. Биыл аудиоэкскурсиялар алты тілде қолжетімді болды: қазақ, орыс, ағылшын, қытай, неміс, түрік тілдерінде.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту