Ескі архив · 21.09.2017 18:44

Демалыс күндері Астанада екі облыстың жәрмеңкесі өтеді

23-24 қыркүйек Астанада Қарғанды және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ардақ Досанов хабарлады. Оның сөзінше, 8 ай ішінде Астанада 50-ге жуық жәрмеңке өткен. Кейбір аймақтар бірнеше рет келген. -Жәрмеңкелерде біз 8 млн теңгенің 25 мың тоннадан астам өнімін өткіздік. 23-24 қыркүйек Қарағанды мен Қызылорда облыстарының бірлескен жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарлануда. Онда 500 тонна өнім саудаланады, — деді Досанов мырза. Естеріңізге саламыз, жәрмеңке Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені аумағында өтеді. Айта кету керек, елордаға жыл басынан бері дистрибьюторлік арналар арқылы 80 мың тонна азық-түлік жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25-30%-ға көп. Мұндай шаралардың барлығы бағаны бақылауға және барлық тауар топтары бойынша өсім болған жағдайда да өнімдердің жетіспеушілігін, жылдам қымбаттауын болдырмады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту