Ескі архив · 26.09.2017 13:17

«Астана» – «Славия» футбол матчының жанкүйерлерін арнайы автобустармен қамтамасыз етпек

«Астана» – «Славия» командалары арасында футбол матчы жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 28 қыркүйекте «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Жүру орны: ·«Қазақстан» СК тұрағы; ·«Нұр Астана» мешіті тұрағы; ·«Жастар» сарайы» тұрағы; ·«Астаналық цирк» тұрағы. Автобустардың жүру уақыты – сағ. 19:00. Жеткізу орны – «Астана Арена» стадионы. Арнайы автобустарда жүру ақысы — 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз. Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51,60, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 22.00-ден Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту