Ескі архив · 16.10.2017 15:46

«Сергек» жүйесі қосылғалы Елордада жол-көлік оқиғасы төмендеген

Астанада жол көлік оқиғасы төмендеген, — деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығының тілшісі, Астана қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевқа сілтеме жасап. «Қазіргі күнде қала бойынша жол-көлік оқиғасының төмендегенің көрудеміз. Өткен аптада 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді, біріне жаяу жүргінші кінәлі. Қаза болғандар жоқ», — деп айтты Б.Малыбаев әкімдікте өткен аппаратты жиналыста. Оның мәліметі бойынша, өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда қала бойынша жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны төмендеген. Егер өткен жылы 18 болса, осы жылы — 8. Жол-көлік оқиғасының төмендеуіне «Сергек» бейне-фото тіркеу жүйесі әсер еткен. Еске салайық, «Сергек» бейне-фото тіркеу жүйесі бойынша Астана қаласында 3 435 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Сонымен қатар, камералар көмегімен 1000 жуық жол жүру ережесін сақтамаған, қоғамдық орындарда 345 тәртіп бұзушылық, 299 алькоголді ішімдік ішу, 100 ұсақ бұзақылық жәнеде басқа 1 720 заң бұзушылық тіркеген.
Авторы:
astananews

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту